spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмолада Отан қорғаушылар күніне орай онлайн байқау ұйымдастырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау кеңсесі 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Мен елімді сүйемін» атты онлайн конкурс жариялады, – деп хабарлайды «Aqmola news».

22 сәуірден 5 мамыр аралығында өтетін байқауға облыстың барлық мектеп оқушылары қатыса алады.

3 аталымнан тұратын байқау шартына сәйкес оқушылар «Көркем сөз шебері» номинациясында ақын-жазушылардың Отан, туған жер жайлы өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыса, «Ән көңілдің ажары» аталымында патриоттық әндерді орындайды. Ал «Жас қаламгер» болашақ қаламгерлердің өз жанынан шығарған тырнақалды туындыларымен бағын сынауға мүмкіндік бермек.

Қатысушылар материалдарын 8700 984 2050 нөміріне толық аты-жөнін, мектептің атауын, сыныбын және байланыс телефондарын көрсете отырып жолдауы қажет. Видеоның ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс. Негізгі мақсат жас ұрпақтың бойында еліне, жеріне деген патриоттық сезімді қалыптастыру болып отыр. Байқаудың І, ІІ, ІІІ орындарына ие болған жеңімпаздар марапатталады, – дейді ұйымдастырушылар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img