spot_img
Жексенбі, Қараша 8, 2026
2.2 C
Kokshetau

Рамазан айында 8 баласы бар отбасына баспана берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда «Харекет» қайырымдылық қоры республикалық акциясы аясында тағы бір көп балалы отбасы баспаналы болды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Рамазан айында республика көлемінде «Отыз күнде отыз баспана» акциясы ұйымдастырылуда. Бұл акция арқылы Көкшетауда Станционный кентінен Сұлтановтар әулетіне үш бөлмелі баспана бұйырды.

Бұл отбасы үй кезегінде 10 жылдан бері тұрған. 8 бала тәрбиелеп отырған отбасы Нұрлы көш ауылында баспана жалдап күнелткен.

«Харакет» қоры арқылы бұған дейін Көкшетауда 5 отбасы бапаналы болды.

  • Біз республика бойынша 188 отбасына баспана кілтін табыстадық. Мұқтаж отбасылардың тізімін әкімшіліктен, ішкі саясат басқармасысынан, мешіттерден аламыз. Сондай-ақ, бізге берілген отбасыларды халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тексереміз. Егер ол кісілердің басында жер телімдері, шағын үйлері болса баспана берілмейді. Қордың критерийлері бойынша толық отбасы болса, онда 8 баладан жоғары болуы керек. Ал, егер жалғызбасты ана немесе әке болса, онда 5 баладан көп отбасыларға беріледі. Отбасында мүгедек бала болса, онда 3 баладан жоғары болуы керек,-дейді «Харекет» қайырымдылық қорының өкілі Мейірбек Нұрмұқанов.

                                        

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабайда халықаралық деңгейдегі конгресс-орталық салынады

Бурабайда халықаралық форумдар, көрмелер мен ірі мәдени іс-шараларды өткізуге арналған көпфункционалды конгресс-орталықтың құрылысы басталды. Жаңа нысан бір мезетте мыңға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика