spot_img
Жұма, Қараша 27, 2026
0.2 C
Kokshetau

Ақмолалық кәсіпкерлер денсаулық сақтау саласына қолдау көрсетуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Карантин режимінде қоғамдық нысандарды, автокөліктер мен аялдамаларды дезинфекциялық құралдармен зарарсыздандыру аса маңызды. Бұл орайда жергілікті кәсіпкерлер де денсаулық саласына қолдау көрсетуде, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Осы аптада Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасына демеушілік көмек ретінде «Макинск құс фабрикасы» дизенфекциялық ерітінділерді шашқыш жылжымалы құрылғыларды табыс етті.

Аппараттардың төртеуін қазір өңірдегі инфекцияны аса көп жұқтырғандар ең көп тіркелген әрі бірқатар елдімекендері Нұр-Сұлтан қаласының карантиндік аймағына кіретін Целиноград ауданының әкімдігіне жіберілді. Ал 4 аппарат Аршалы, Ақкөл аудандарының медициналық мекемелеріне, сондай-ақ жұқпалы аурулар стационарлары орналасқан Ақмола облысының туберкулезге қарсы диспансері мен Ақмола облыстық ауруханасына берілді.

Ал,Көкшетау қаласындағы «КАИК» Қазақстанның аграрлық инновациялық корпорациясы» қала көшелеріне дезенфекциялау үшін инженерлік қондырғы жасап, қазір шаһар көшелері аталған қондырғылармен зарарсыздандырылуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сайлауға дайындық заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр

Сайлау науқаны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылуда. Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика