spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
8.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында дауылдың зардаптары қалпына келтірілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Төтенше жағдай департаменті Ақмола облысындағы дауылдан кейінгі жағдай туралы мәлімет берді,  , – деп хабарлайды «Aqmola news».

Ведомстваның хабарлауынша Көкшетау қаласында дауыл кезінде 4 тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттардың шатыры ұшқан, 10 аялдама павильондары мен 4 жарнама құрылымдары құлаған.

Краснояр селосында 1 тұрғын үйдің шатыры ұшып, Станционный кентінде 1 автобус аялдамасы аударылып түскен. Желдің күштілігінен Шевченко, Темірбеков, Әуезов көшелері, Бармашино ауданынан көз орталығына дейінгі аумақта электр желілеріне үлкен зақым келген. Дауылдың салдарынан «Аққу» балабақшасы, «Триатлон» спорт кешені, «Достық» үйі, қан орталығы, «Медикус» медициналық орталығы «Көктем» балабақшасы сияқты қоғамдық нысандардың да жарығы өшкен. Назарбаев даңғылынан Медикус орталығына дейінгі 25 көп қабатты тұрғын үйлердің де уақытша электр энергиясы ажыратылды. Қалалық электр желісінің хабарлауынша жалпы 2600 абонент жарықсыз қалды. Электр жарығының сөндірілуі қаланың осы аудандарында жер қазу жұмыстарын жүргізуге байланысты болған.  Қазір аталған нысандардың бәрінде электр энергиясы қалпына келтіріліп, жарық қайта қосылды. Электр энергиясын қалпына келтіруде қалалық электр желісі қызметімен барлығы 25 адам мен 8 техника бірлігі жұмылдырылған.

Қатты дауылдың салдарынан Бурабай ауданында 1 адам қайтыс болып, облыс бойынша 21 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған. Зардап шегушілердің барлығына көмек көрсетілген. Ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген бір адамға ота жасалған. Ауруханаларға бас жарақаттарымен – 8, аяқ, кеуде және басқа да түрлі дене жарақаттармен – 19 адам амбулаториялық ем қабылдаған. Сандықтау аудандық ауруханасына бас-сүйек миына зақым келген 7 жастағы бала түскен. Зеренді ауданында – 1, Есіл ауданында – 2 адам ауруханаға жатқызылды.

Қазір қаланың коммуналдық қызметтері, Көкшетау қаласының төтенше жағдай басқармасы, толық әзірлік режиміне көшіріліп, дауылдың салдарын жоюға кірісті Жалпы 11 қалалық қызмет қызметкерлері, 8 техника бірлігі, Көкшетау қаласы ТЖБ жеке құрамының 20 сарбазы мер 3 техника бірлігі жұмылдырылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img