spot_img
Бейсенбі, Қараша 5, 2026
-0.1 C
Kokshetau

Өңір басшысы Елбасымен телефон арқылы сөйлесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Елбасы, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Н.Ә. Назарбаев Ақмола облысында орын алған ағымдағы жағдай бойынша телефон арқылы әңгімелесті.
Әңгімелесу барысында мен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің іркіліссіз жұмыс істеуі бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсындым. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік-осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету, сонымен қатар Тұңғыш Президенттің бастамасы бойынша «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірлесіп «Біз біргеміз» акциясы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндап бердім. Оның барысында облысымыздың 2930 тұрғыны республикалық қордан 50 000 теңгеден алатын болады. Мемлекет және бизнеспен көрсетіліп жатқан қолдау шаралары әрбір мұқтажға жеткізілетін болады.
Нұрсұлтан Әбішұлы облысты азық-түлікпен қамтамасыз ету және бизнестің ел үшін қиын уақытта қолдауының мәселелеріне ерекше назар аударды.
Көктемгі-егін егу жұмыстарына дайындалу және облыста су тасқынын жою бойынша нақтылы айтып бердім, – деді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика