spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
6.8 C
Kokshetau

Ақмолада төтенше жағдай кезінде бағаны жөнсіз көтергендер жазаланады

Сондай-ақ...оқыңыз

Елімізде төтенше жағдай кезінде сауда орындарында әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне бағаны заңсыз көтергендер жазаға тартылмақ, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының сауда, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрліктері осы жылдың 4 сәуірінде «Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының шекті бағасын енгізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды. Енді елдегі төтенше жағдайды пайдаланып халықтың қалтасына түсіп, бағаны заңсыз көтерген кәсіпкерлер жазаға тартылмақ.

Ақмола облысында да алғашқы қажетті азық-түлік өнімдерінің шекті бағасы қойылды. Оған сәйкес:

– бірінші сұрыпты бидай ұны, килограммы  – 148 теңге

– бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан, килограммы – 160 теңге

– түтік кеспе (өлшенген), килограммы  –  215 теңге

– қарақұмық жармасы (ядрица, весовая), килограмм – 339 теңге

– күріш (өлшенген), килограммы – 307 тенге

– сиыр еті (сүйекті жауырын-кеуде бөлігі), килограмы – 1800 теңге

– тауық жұмыртқасы (I санат), оны  – 267 теңге

– күнбағыс майы, литрі – 417 тенге

– ас тұзы ( «Экстра» басқа), килограмм – 51 теңгеден аспауы тиіс. Соңғы айда қазақстандықтар дәл осы өнімдерді көбірек сатып алғаны белгілі болды. Сондай ақ жыл басынан бері осы азық-түліктерге баға едәуір өскені байқалған. Әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне шекті рұқсат етілген бағадан асырғандарға 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейінгі сомада айыппұл салынбақ.

Егер сіздер әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне бағаның аталған межеден көтерілгенін байқасаңыз http://www.dosmart.kz/ порталына тауар бағасы көрсетілген чекті жіберуіңізге немесе тиісті органдарға хабарлауыңызға болады.

Естеріңізге сала кетсек, елімізде төтенше жағдай режимі 16 наурыздан 15 сәуірге дейін әрекет етеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img