spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 24, 2026
14 C
Kokshetau

Ақмолада бес жасар баланың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы 3 жастағы баланың коронавирус инфекциясын жұқтырғанына байланысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Осы жылдың 24 наурызында Көкшетау қаласындағы облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізілген үш жастағы бүлдіршін іші өскен деген шағыммен қабылданған. Баланың диагнозын анықтау үшін дәрігерлер дереу ауруханаға жатқызады. Ал 27 наурызда «Вильмс ісігі» деген диагнозы қойылып, ересек жастағы бөлімге ауыстырылады. Бүлдіршін 31 наурызға дейін облыстық балалар ауруханасында жатып, одан әрі емдеу үшін Елордаға «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жіберіледі.

Баланың қызуы көтеріліп, катаралдық құбылыстар пайда болғандықтан 31 наурыз күні коронавирус инфекциясына талдау алынады. 3 наурыз күні баланың коронавирус індетіне шалдыққаны белгілі болған. Стационарда жатқан кезде баланың анасы бронх-өкпе жүйесінің ауырғанына шағым жасамаған.

Дәрігерлер Ақмола облыстық ауруханасына түскен кезінде баланың анасы Нұр-Сұлтан қаласында тұрғанын жасырып, мекенжайын Солтүстік Қазақстан облысы деп көрсеткенін, коронавирус инфекциясы табылған қалалар мен елдерде болмағанын айтқан, – деп мәлімдеуде.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында облыстық балалар ауруханасының ересектер және хирургиялық бөлімдерінде 3 сәуірден бастап карантин енгізіліп, санитарлық-эпидемологиялық тексеру басталды.

  • Құрметті ақмолалықтар! Медициналық мекемелерге жүгінген кезде қайдан келген және қайда болғандарыңыз туралы нақты ақпарат ұсынуларыңызды өтінемін. Кез-келген фактілерді жасырып қалу айналадағылардың баршысына аса зор қауіп төндіреді. Медициналық қызметкерлер ауырып немесе карантинге жіберілсе бұл денсаулық сақтау нысандарының жұмысын тежеп, жүздеген адамдардың өміріне қатер төнеді, – деді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Болашақтан келген қонақ»: Көкшетаудағы сайлау учаскесіне Warhammer әлемінің космодесантнигі келді

  Көкшетаудағы №9 сайлау учаскесіне бүгін ерекше сайлаушы келді. «Болашақтан келген қонақ» акциясы аясында косплей қауымдастығының өкілі Warhammer 40,000 әлеміндегі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика