spot_img
Сәрсенбі, Шілде 8, 2026
22.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының әкімі коронавирус жұқтырған ақмолалық науқастармен онлайн әңгімелесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бойынша 18 науқас короновирус індетін жұқтырып ем алуда. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ақмолалық науқастармен бейнебайланыс арқылы тілдесті,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Өңір басшысы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің дәрігерлерімен кездесті. Індет жұқтырған науқастарды емдеп жатқан 38 ақхалаттыларға тұрғындар атынан алғыс айтты.
Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Олар үздіксіз ем-дом қабылдауда. Облыс әкімімен тілдесіп, марқайып қалған науқастар ең алдымен дәрігерлерге содан соң көңіл бөліп, жағдайларын білген өңір басшысына ризашылығын білдірді.

Біз қолдан келген көмекті аямаймыз. Коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге ат салқан дәрігерлердің жалақысына 150 мың теңге қосылады. Қиын кезеңде сіздер үшін тұратын баспана, жұмысқа тасымалдайтын техника, азық-түлік мәселесін шешіп жатырмыз,-деді облыс әкімі.

Ақмола облысы бойынша 640 адам карантинде дәрігерлердің бақылауында.
Диспансердің бас дәрігері Қасымжан Тәшметовтың айтуынша мекеме негізінде 163 орынмен жабдықталған. Вирустың таралу жағдайына байланысты тағы да 145 орын қоымша дайындалған.
Сонымен қатар облыс әкімі 15-ші сәуірде Көкшетауда Сарыарқа шағын ауданынан дәрігерлерге арналған 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысының басталатынын жеткізді.
Алдағы уақытта туберкулезге қарсы күрес диспансерінің ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінбек.
Диспансердің 3-ші корпусын күрделі жөндеуден өткізетін уақыт жеткен. Жеделсатысы ескіріп, компьютерлік томография қажет болып тұр. Бұл мәселелер де мүмкіндікке қарай шешілетін болады, – деді өңір басшысы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құқықтық кедергі жоқ – Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы түсіндірді

*Құқықтық кедергі жоқ – Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы түсіндірді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика