Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов өңірде екінші рет коронавирус инфекциясының салдарынан қайтыс болған адам жөнінде пікір білдірді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.
Қайтыс болған 73 жастағы ер адам дисцикуляторлық ми дерті (энцефалопатия), ми қан айналысының бұзылуы, оң жақ денесінің салдануы, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы сияқты көптеген диагнозбен тізімде тұрған.
2016 жылы өлі тінді кесіп алу отасы жасалған. Ал 2018 жылы науқастың ауыр жағдайына байланысты оң жаң қабырғасының жоғарғы жағына ампутация жасалған.
Былтырғы жылы екіжақты гипостатикалық пневмония диагнозымен интенсивті терапия алған.
Былғы жылы науқастың жағдайы одан сайын нашарлады. 2 сәуірде қайтыс болып, марқұмның денесі Нұр-Сұлтан қаласының сот-медициналық сараптамасына жеткізілді. Зертханалық тексеріс өткізу барысында коронавирус анықталды, – деді Сүлен Ілиясов.
Қазіргі сәтте қайтыс болған адаммен жақын байланыста болған адамдарды анықтау үшін эпидемиға қарсы шаралар жүргізілуде. Алдын ала мәлім болғандай олардың саны 44 адамды құрап отыр.



