spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 24, 2026
13.6 C
Kokshetau

Ақмолада коронавирус инфекциясынан қайтыс болған екінші адам жайлы түсініктеме берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов өңірде екінші рет коронавирус инфекциясының салдарынан қайтыс болған адам жөнінде пікір білдірді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Қайтыс болған 73 жастағы ер адам дисцикуляторлық ми дерті (энцефалопатия), ми қан айналысының бұзылуы, оң жақ денесінің салдануы,  өкпенің созылмалы обструктивті ауруы сияқты көптеген диагнозбен тізімде тұрған.

2016 жылы өлі тінді кесіп алу отасы жасалған. Ал 2018 жылы науқастың ауыр жағдайына байланысты оң жаң қабырғасының жоғарғы жағына ампутация жасалған.

Былтырғы жылы екіжақты гипостатикалық пневмония  диагнозымен интенсивті терапия алған.

Былғы жылы науқастың жағдайы одан сайын нашарлады. 2 сәуірде қайтыс болып, марқұмның денесі Нұр-Сұлтан қаласының сот-медициналық сараптамасына жеткізілді. Зертханалық тексеріс өткізу барысында коронавирус анықталды, – деді Сүлен Ілиясов.

Қазіргі сәтте қайтыс болған адаммен жақын байланыста болған адамдарды анықтау үшін эпидемиға қарсы шаралар жүргізілуде. Алдын ала мәлім болғандай олардың саны 44 адамды құрап отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Болашақтан келген қонақ»: Көкшетаудағы сайлау учаскесіне Warhammer әлемінің космодесантнигі келді

  Көкшетаудағы №9 сайлау учаскесіне бүгін ерекше сайлаушы келді. «Болашақтан келген қонақ» акциясы аясында косплей қауымдастығының өкілі Warhammer 40,000 әлеміндегі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика