spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
6.2 C
Kokshetau

Көкшетауда коронавирус жұқтырылғандар жайлы жалған ақпарат тарады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда коронавирус жұқтырған Оңтүстік Кореядан келген азаматтар емдеу орындарына орналастырылғаны туралы жалған ақпарат таратылды, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған факт осы жылдың 24 наурызында полиция қызметкерлері WhatsApp әлеуметтік мессенджерінен анықталды. Тәртіп сақшылары жалған ақпаратты таратушыларды табу мақсатында жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, көп ұзамастан аудиохабарламаның «авторы» белгілі болды.

Көкшетау қаласында өзінің танысының үйінде қонақта болған 56 жастағы әйел одан Оңтүстік Кореядан келген азаматтардың өңірдің емдеу мекемелеріне орналастырылғаны туралы жалған ақпаратты естиді. Оның шынайы екеніне көз жеткізбеген әйел дереу өсек сөзді 200-ден астам адамдар орналасқан WhatsApp желісіне таратып жібереді.

Қазіргі уақытта аталған ақпаратты тарату фактісі бойынша барлық үш заң бұзушыға қылмыстық кодекстің 274 бабына сәйкес қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ақпарат таратушылар өз айыптарын мойындады.

Полицейлер еліміздегі төтенше жағдай кезінде әлеуметтік желілер мен мессеннджерлер жалған ақпарат таратушылардың жиілеп кеткенін хабарлап, оған заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке қарастырылғанын ескертуде.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img