spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
7 C
Kokshetau

Ақмола облысы аудандарында су тасу қаупіне қарсы жұмыс қызды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының аудандарында су тасуына қарсы әзірлік жұмыстары жалғасуда. Өңірдің су басу қаупі бар аймақтарында қар шығару және бөгендер салуға балық күш-құрылымдары жұмылдырылған, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Көктемгі су тасқынының алдын алу үшін Ақмола облысының аудандарында осы жылдың 12 наурызынан бастап тәулік бойына азаматтық қорғаныс шаралары жалғасуда. Әсіресе еріген қар суынан ернеуінен асқан өзендердің жағасына құм толтырылған қаптардан бөгендер салу, өзен арналарын тазарту, қауіпті аймақтардан қар шығару ісі қарқынды жүргізілуде.

Су тасу қаупі бар аймақтарда арнайы төтенше жағдайлар штабтары құрылып, жағдайды толықтай бақылауға алуға барлық күш жұмылдырылуда, – дейді тиісті ведомстволардың өкілдері.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің деректеріне жүгінсек қазіргі уақытта өңірдің барлық аймақтарында әсіресе Атбасар, Целиноград, Есіл, Сандықтау, Шортанды, Жақсы сияқты су басу қаупі жоғары аудандарда су тасқынына қарсы шараларға баса назар аударылған. Бүгінде өңірде үйлер су астында қалған жағдайда құтқарылған адамдарды орналастыруға 222 қабылдау бекеттері әзірленген. Төтенше жағдайлар қызметімен 60 бірлік техника, 262 адам құтқару жүмыстарына жұмылдырылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: « Бұл өнімдер Қосшы қаласының брендіне айналуы тиіс!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img