spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
15.2 C
Kokshetau

Ақмолада коронавирусқа қарсы қаулы күшіне енеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина вирусқа қарсы шараларды күшейту жөніндегі қаулыға қол қойды,-деп хабарлайды Aqmola News.

Ақмола облысында барлық салалар бойынша коронавирустың алдын алу және таралуына жол бермеу үшін шаралар күшейтілуде.

Қаулы аясында азық-түлік тауарлары мен дәрі-дәрмектерден басқа өнімдер сататын базарлар мен ірі сауда орындары, адамдар көп жиналатын барлық кинотеатрлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, көңіл көтеру нысандары, балалар орталықтары жабылады. Сауда, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету  орындарында санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейтіп, әрбір 3 сағат сайын нысанды арнайы дезинфекциялық құралдармен зарарсыздандыруы және тазалық жұмыстарын жиі жүргізуі тиіс.

Сонымен қатар қаулыда аудан мен қала әкімдеріне өңірдегі қоғамдық көліктер мен адамдар көп жиналатын орындарда зарарсыздандыру шараларын қатаң қадағалау тапсырылған.

Аталған құжат бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда зарарсыздандыру және антиспептикалық құралдардың қойылуына назар аудару, ауырып жүрген қызметкерлердің жұмысқа келуіне жол бермеу мәселесіне де назар аударылған.

Қаулыда  білім басқармасы 26 наурыздан бастап барлық үйірмелер, мектепке дейінгі мекемелер, қосымша білім беру орталықтарының жұмысын тоқтатуы тиіс делінген.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау, құқық қорғау, жұмыспен қамту сияқты маңызды салаларда коронавирусқа қарсы шараларды күшейтетін болады.

Қаулы осы жылдың 20 наурызы сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img