spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau

Ақмолада мемлекеттік қызметті электронды түрде ұсыну челенджі басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы аудандарында электронды қызметтерді қолдануға арналған челендж басталды деп хабарлайды, – Aqmola news ақпарат агенттігі.

Аталған челенджді Зеренді ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтердің ұсынылуын талдау бөлімінің басшысы Айнагүл Отызбайқызы бастап өңірдің бірқатар аудандарына жолдаған.

Коронавирус індетіне қатысты елімізде  төтенше жағдай енгізілуіне байланысты барлық мемлекеттік қызметтер электронды үкімет веб порталы арқылы қамтамасыз етілуі жалғастырылуда.

Қашықтықтан жұмыс режиміне сәйкес  тұрғындарға «Еgov mobile» қосымшасын пайдалануды түсіндіретін бейне материалдар  бүкіл облыс аудандарына тарап үлгерді. Әріқарай өз әріптестеріне жолдап жатқан мемлекеттік қызметшілер бұл істің игілігі мол болатынына сенімді.

-Электронды қызметтерді «электронды  үкімет» арқылы үйде отырып алу қазіргі коронавирус дертінің таралуы кезінде өте маңызды. Жақындарымызды және тұтас қоғамды қорғау мақсатында халыққа электронды қызметтерді пайдалануды үйрету баршамыздың міндеміз.Осы мақсатта әріптестерімді челендж жасауға шақырып, электронды мемлекеттік қызметтерді компьютер арқылы қолдана білуге үндеу қажет деп ойлаймын. Бұл жүзеге асырылар болса қысылтаяң шақта көпшілікке зор септігін тигізеді деген үміттемін,- дейді Айнагүл Отызбайқызы.

Мәселен, Зеренді ауданынан челендж қабылдаған Шортанды ауданының әкімдігі бұл игі істі жалғастыру үшін Ақкөл және Біржан-Сал, Бурабай аудандарына жолдаған.

Қазіргі таңда «Цифрлы адам» жобасын жүзеге асыру мақсатындағы челенджді қолдаған мемлекеттік қызметшілер электронды үкімет порталын қолдану әдістері түсіндірлген бейне материалдарды әріптестеріне эстафета түрінде жолдауды жалғастырып жатыр.

Майра Қуанышқызы

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img