spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
8.7 C
Kokshetau

Көкшетауда антисептиктер шығарыла бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада әлемді алаңдатқан коронавирусқа қарсы алдын алу әрекеттері белсенді жүзеге асырылуда. Дәріханаларда антисептиктердің тапшылығы сезілуіне байланысты Көкшетау қаласының «Тұрмыстық химия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі антисептиктерді шығара бастады, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. 

Кәсіпорынның өндірістік қуаты гигиеналық құралды айына шамамен 60 мың литр өндіруге мүмкіндік бермек.
Кәсіпорын Қазақстанның солтүстік өңірлері тұтынушыларының үлкен сұранысын тудыратын зарарсыздандыру және жуғыш құралдарды кең көлемде өндіруде. Елімізде коронавирус пандемиясы жағдайының ушығуына байланысты облыс тұрғындарын антисептикалық құралдармен қамтамасыз ету үшін зауыт өнімнің аталған түрін өндіруге бет бұрыпты.

Біздің зауыт қысқа мерзімде бактерияға қарсы және антисептикалық өнімдердің жаңа өндірісін жолға қойды. Бүгінгі таңда «Есіл» АӘК-пен 15 мың литр антисептикалық өнім жасауға келісімшарт жасалды. Өндіріс толық күшінде жұмыс жасауда және компоненттердің жаңа түсімін күтудеміз, – деді зауыт директоры Фарук Курмаев.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, антисептикалық өнім құрамына зарарсыздандырушы концентраттар, жергілікті Айдабол спирт зауытында өндірілген этил спирті, глицерон, хош иістендіргіш және ерекше қоспалар кіреді.
Кәсіпорын өндірістік қуаты айына 60 мың литр өндіруге мүмкіндік береді. Өнім зауыттың өзінде жасалатын 1,5 литр және 220 миллилитрлік көлемді сыйымдылықтарға құйылады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img