spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Атбасарлық еріктілер ардагерлерге қол ұшын созу челенджін бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасарлық бір топ ерікті жастар ардагерлерге өз қамқорлықтарына алып, көмек көрсетуде, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Атбасарлық еріктілер жаңа челендж арқылы коронавирус індетін алдын алу мақсатында қарияларға қолдау  көрсетпек. «Целина» қоғамдық қорының өкілдері тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, қар күреп, үйлерінің маңын күл-қоқыстан тазартуда. Қарияларға қамқорлық көрсеткен жас еріктілер ұлағатты істерін аталған челендж арқылы көпке үлгі етпек.Кезінде ел үшін бар күш-жігерін сарп етіп еңбек еткен аға буынға қамқорлық жасап, қолдан келгенше көмектесу біздің бүгінгі міндетіміз. Біздің еріктілер ақсақалдарға қысқа отын дайындап, аулаларын қардан тазартып берді. Әрі дүкеннен азық-түліктері мен дәрі-дәрмектерін әкеліп берудеміз, – деді «Целина» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Михаил Пелих.

Әлемді алаңдатқан індет кезінде ауруға бейім қарт адамдарға қамқорлық жасаған жастар әсіресе қимыл-қозғалысы қиын адамдарға барынша қолдау көрсетуге тырысатындарын жеткізді. Бүгінде Атбасар ауданында 100-ге жуық еріктілер тіркеліп, оның жиырмасы  аталған іске белсенді әрекет етіп жатыр, – дейді еріктілерді ұйымдастырушы қоғамдық қор өкілдері.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img