spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
5.9 C
Kokshetau

Жергілікті тауар өндірушілер азық-түліктің бағасын көтермейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қала әкімдігі жергілікті тауар өндірушілермен, базарлармен және сауда орындарымен әлеуметтік маңызды тауарлардың құнын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Андрей Подгурский Көкшетауда мыңнан астам сауда орындары, оның ішінде 500-ден астамы азық-түлік дүкендері, 4 базар 1 гипермаркет және 9 супермаркеттер, сонымен қатар азық-түлік өндіретін 50-ге тарта кәсіпорындар бар екенін атап өтті. Жыл басынан бері облыс орталығында азық-түлік өнімдеріне бағаның күрт өсуі тіркелмеген. 11 наурызда 4 позиция бойынша: атап айтқанда, қарақұмық – 7%, сүт – 1%- ға, жұмыртқа 5,5%, сарымай – 6,6% төменгі шектік мәннен жоғарылағаны байқалған.
«Есіл» АӘК» базасында қалалықтар алғашқы қажетті азық-түлік өнімдерін базар бағасынан төмен сатып ала алады.
Жергілікті билікпен «Гормолзавод», «Милкпроджект», «Ақсай нан», «Көкшетау нан зауыты», «Жеке батыр», «Жібек жолы» және «Восточный» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өкілдері мен жекелеген дүкендер меморандумға қол қойды. Әлеуметтік маңызды азық-түлікке үстеме аталған сауда орындарында 10 пайыздан аспауы тиіс. Болашақта келісімшартқа жаңа қатысушылар да қосылатын болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img