spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-8.8 C
Kokshetau

Неліктен көкшетаулықтар ақылы фильтр суын пайдалануға мәжбүр?

Сондай-ақ...оқыңыз

2020 жылы Көкшетауда Құсайынов, Қанай би, Тәшенов, Никитин көшелерінің бойымен өтетін су құбырлары жаңартылады. Тапсырыс беруші Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі. «Көкшетау Су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Бас директоры Ермек Өмірғалиевтің айтуынша жұмысты атқарушы мердігерлерге байқау жарияланып, тендерді ұтып алған ЖСШ аталған жолдардағы су құбырларын салу жұмыстарымен айналысады,-деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенттігінің тілшісі.

Мекеме басшысы Ермек Қайдарұлының арнайы сайтымызға берген мәліметіне зер салсақ, өткен жылдары Вавилов, Наурызбай батыр, Алтынсарин көшелері арқылы өтетін су құбырлары қалыпқа келтіріліп, шойынды полиэтилендер салынған. Сондай ақ, Мәлік Ғабдуллин көшесі бойынша магистралды су құбырлары жөнделген.

Бүгінде Көкшетаудағы ауыз су мәселесі тұрғындардың бірінші кезекте көтеретін жанайқайына айналған. Себебі үйдегі кран арқылы ағып тұрған тіршілік нәрі ішуге жарамсыз. Тек техникалық мақсатта ғана пайдалануға жарамды. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған болаттан құйылған су құбырлары мен канализация жүйелерінің пайдалану мерзімі өтіп барады. Мамандар бұл мәселені шешудің жалғыз жолы қаланың су желілерін түгелдей жаңарту қажет екендігін айтады. Ол үшін миллиардттаған қаражат қажет! Сол себепті тұрғындар ақылы филтірлі ауыз суды пайдалануға мәжбүр.

Қала бойынша 100-ден астам ақылы филтірлі су тасымалдайтын заңды мекемелер жұмыс істейді. Сонымен қатар бұндай компаниялар жеке пәтерлерге сүзгі апаратын орнату және ауыстыру жұмыстарымен айналысады. Олардың жұмыстарын уәкілетті органдай қадағалайды.

Көкшетауға ауыз су «Шағалалы», «Сергеевка»сияқты су қоймаларынан таза күйінде жеткізіледі. Тұрғындардың пайымдауынша су сапасының төмендеуінің негізгі себебі су құбырларының уақтылы тазартылмауында немесе олардың тым ескіруінде болып отыр.

«Ауыз судың сапасы мүлде сын көтермейді. Краннан аққан су сап-сары болып лайланып кетеді. Ішіуге жарамайды. Мен екі стақанды алып, біреуіне кранның, екіншісіне фильтрдің суын құйғанмын. Нәтижесін қарағанда таң қалдым. Фильтр суы мөп-мөлдір болса, кранның суы лайланған кір екені анық байқалды», – дейді Анатолий Левшин есімді қала тұрғыны.

Ал, «Көкшетау су арнасы» басшылығының өз уәжі бар. Олар су сапасы үнемі бақылауда деп есептейді.

«Жыл сайын су құбырлары жөнделіп, дизенфекция жұмыстары жүргізіліп отырады. Зертхана қызметкерлері су сапасын үнемі бақылауда ұстайды. Егер суды сапасыз деп есептеп, кімде кім филтрлі суды пайдалануға көшсе, ол әркімнің өз еркіндегі мәселе»,- дейді «Көкшетау су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директоры Ермек Қайдарұлы.

Қала тұрғындардың біразы қала шетіндегі «Бармашка» деп аталатын аумақтан бұлақтың суын тасып ішеді. Бұлақ басындағы кезек күні бойы бір босамайды. Көлігі барлар көлігімен, болмаса автобуспен тасымалдайтындар да жетіп артылады.

«Мен Көкшетау-Красный Яр бағытындағы трасса бойында тұрамын. Ауыз судың зардабын әбден тартқан адамдардың бірімін. Жеке ұңғымалы құдық қазу өте қымбат. Оған қаражатым жетпейді. Сондықтан осылай күнделікті суды қоғамдық көлікпен тасып әкелуге мәжбүрмін. Кішкентай балаларым бар. Техникалық суды қарды ерітіп пайдаланып отырмыз. Басқа амал болмай отыр», – дейіді Думан Берікболов есімді тұрғын.

Қазір Көкшетау аумағын барлығы 299 шақырымдық желі ауызсумен қамтиды. 390- ға жуық су колонкалары бар.Бірақ тұрғындар колонкалардағы судың да сапасыз екенін айтып дабыл қағуда. Тиісті санитарлық эпидемологиялық бақылау мамандары да аталған судың сапасыздығын айтып дабыл қағуда. Алайда, мәселе шешімін табар емес. Тиісті мекемелер қашан қаражат бөліп, су сапасын тазартар екен? Бұл бүкіл көкшеліктерді алаңдатқан аса ауыр, әрі жауыр болған күн тәртібіндегі мәселе. Көкшеліктердің көкейіндегі мөп-мөлдір таза су ішетін күннің ауылы әлі алыста сияқты. Фильтрсіз таза су ішпей арманда кетпесек болар еді…

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола жеңіл атлеттері «Куала-Лумпурдағы халықаралық жарыстарда жеңіске жетті

Көкшетау қаласының спорттық өміріндегі маңызды оқиға Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өткен есту қабілеттері бұзылған  спортшылар арасында X Азия — Тынық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img