spot_img
Жексенбі, Ақпан 9, 2025
-12.3 C
Kokshetau

Ақмолада кәсіпкер туып-өскен ауылынан бокс залын ашты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында кәсіпкер өз қаражатына Зеренді ауданының Қызылтаң ауылында бокс залын ашып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегінше, осы ауылдың тумасы, қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы «Дархан АБИ» ЖШС директоры Әнуар Есмағұлов көп жылдан бері бос тұрған ғимаратты жөндеп, қалпына келтірген. Қызылтаң ауылында бокс үйірмесі 1986 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Содан бері бірнеше жас боксшы тәрбиеленіп, халықаралық жарыстарда топ жарып жүр. Соның ішінде ҚР спорт шебері мен үміткерлері Еркеш Сайын, Қанат Айтанов, Қайыржан Кучуков, Әнуар Батырханов, Әділбек Темірбеков те бар.

«Шараға қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Еркеш Әленов ауыл тұрғындарын құттықтай келе, жас спортшылардың бокспен шұғылдануына қол ұшын созып отырған кәсіпкер Әнуар Есмағұловқа алғысын айтты. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев Ақмола облысы әкімінің атынан Алғыс хат пен спорттық жабдықтар сатып алуына 1 миллион теңгенің сертификатын тапсырды. Сонымен қатар, қызылтаңдық боксшыларға Ақмола облысы спорт қауымдастығының өкілдері де жылы лебізін білдірді», – дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина. Шарада жас спортшылар бокс залының шаршы алаңында өнерлерін ортаға салды

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Altyn Qala!» – Ұлттық басылымның бірі!

Автор : Қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев. 2 ақпан Ұлттық басылым күні аталып өтіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img