Өткен аптада облысымыздың бірқатар аудандарында су басу қаупі күшейіп, төтеншеліктер мен жергілікті атқарушы органдар, еріктілер білек сыбана тілсіз жаумен арпалысты. Жабай өзенінің тасуынан Атбасар ауданы мен Колутон, Борсақ, Аршалы өзендерінің арнасынан асу салдарынан Астрахан ауданында төтенше жағдай жарияланып, су...
Облыстық мәслихаттың хатшысы Бейбіт Жүсіповтің қатысуымен өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында 2023-2024 жылғы жылыту маусымы қорытындыланып, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы саласындағы және ветеренария саласындағы қордаланған өзекті мәселелер талқыланды.
Отырыс облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы...
«Қоғамдық келісім» мекемесінде өткен дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының облыста жүзеге асырылу барысы талқыланып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мәселелері қаралды. Өкінішке орай, бұл шараға арнайы шақырылған басқарма басшылары қатыспай, олардың орынбасарлары мен...
Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжановтың төрағалығымен өңірдегі су тасқынының күрделі жағдайына байланысты жедел штаб отырысы өтті.
Жедел штаб отырысына ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Бұған дейін ауданда төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Атбасар қаласының 19 көшесі қарғын судың...
Астрахан ауданындағы су тасқыны бойынша жағдай қиын. Мұнда соңғы үш күнде Колутон өзені арнасынан асып, судың деңгейі 7 метрге дейін көтерілген. Салдарынан су бірнеше шақырымға жетіп, ауылға баратын жолды шайып кеткен. Ауылға тек қайықпен ғана жетуге болады.
Аудан әкімі...
Биылғы көктемгі су тасқыны атбасарлықтарды тағы да сарсаңға түсірді. Осы күндері Атбасар қаласының 19 көшесі мен көптеген маңызды нысандары қызыл судың құрсауында қалды. Қазір судың бетін қайтару бойынша жұмыс қызу жүргізіліп жатыр.
Қаланың №1 жалпы білім беретін мектебін де су...
Ақмола облысының аумағындағы су басқан ауылдардың оқушылары Сандықтау ауданындағы «Жас дәурен» сауықтыру лагеріне демалысқа жіберілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі су тасқынына байланысты жасаған үндеуінде: «Су тасқыны болған аймақтарда бірде-бір адам ескерусіз қалмайды, барлығына мемлекет тарапынан көмек болады» деген...
Кәсіпкерлер бірлесіп, су тасқынына қарсы шаралар ұйымдастырып, нәтижесінде ауылды қарғын судан аман алып қалды.
Соңғы жылдары Біржан сал ауданының Кеңащы ауылын су басу қаупі күшейген. Десе де, ауыл кәсіпкерлерінің атсалысуының арқасында елдімекен тұрғындары қызыл суға қарсы жұмыстарды ойдағыдай атқара...
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында және геолог-ғалым, профессор, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық даму орталығының» ұйымдастырған «Өмірі өнеге» атты ғылыми конференцияны Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Аманбай...
Қазақтың біртуар перзенті, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, геолог-ғалым, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай, Көкшетаудағы оның ескертішіне облыс әкімі Марат Ахметжановтың атынан гүл шоғы қойылып, рухына тағзым етілді. Іс-шара...