spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Сандықтау ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз
Сандықтау ауданында өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуына сүбелі үлес қосқан ауыл шаруашылығының еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаев үздік еңбек ұжымдарына кәсіби шеберліктері үшін алғысын білдіріп,  марапаттар табыс етті, деп хабарлайды «Aqmola News».
Аудан диқандары елдегі күрделі кезеңге қарамастан орақ науқанын өте жақсы көрсеткішпен аяқтаған. Жалпы 505 мың тонна астық жиналған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 мың тоннаға артық болып отыр. Егін өнімділігі гектарына 16 центнерден айналған.
«Ауыл шаруашылығы мамандарының атқарар жүгі аса ауыр. Ауданның әл-ауқаты мен дамуы үшін еңбек етеді. Пандемия кезінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына мемлекеттік азық-түлік қауіпсіздігі мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін аса үлкен жауапкершілік артылды. Дегенмен агрөнеркәсіп кешендері айтарлықтай жетістіктерге жетті, – дейді аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаев.
Аудан кезекті мәрте облыс бойынша астық жинаудан көш басына шыққан.
Қазір аграрлық сектордың алдында инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын құру сияқты маңызды міндеттер тұр. Сондай-ақ ішкі және сыртқы нарықта отандық өнімдердің бәсекеге қабілетін қамтамасыз ету қажет, – деп атап өтті аудан әкімі.
Жиын барысында бірқатар ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен басшылары, өңдеу және тамақ өнеркәсібі, мал шаруашылығы саласының өкілдері саладағы жоғары нәтижелері үшін алғыс хаттармен, медальдармен және түрлі құнды сыйлықтармен марапатталды.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img