«Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы:Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы – «Абыз Әбіш» зерттеуі үшін;Ақсұңқар Серікке, ақын – «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» өлеңдер жинағы үшін;Есім Ғарифоллаға, жазушы – «Ғұлама-наме» трилогиясы үшін;Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы – «Ұлы Дала әдебиеті» тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын – «Достояние души» өлеңдер жинағы үшін;Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург – «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы үшін;Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы – «Періштелердің өлімі» прозалық шығармалар жинағы үшін берілсін.Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев



