spot_img
Жұма, Сәуір 18, 2025
-0.1 C
Kokshetau

4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Бейсенбі күн еліміздің кей өңірінде қар жауады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қар түрінде жауын-шашын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ республиканың батысында күн ашық, жауын-шашын жаумайды. Кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді. Оңтүстікте көктайғақ болады.

Сонымен атап айтқанда, Ақмола облысының кей жерлерде тұман түседі, боран соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз боран соғады. Желдің екпіні – 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріледі. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының кей жерлерде көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында желдің күші – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстіқ Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жолда көктайғақ болады. Маңғыстау облысының солтүстігінде 22 градусқа дейін қатты аяз болуы мүмкін.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика