spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолада 35 мыңнан астам жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының автокөлік жолдарында жыл басынан бері 35 мыңнан астам адам жылдамдықты шамадан тыс асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік апаттарының негізгі себептері жылдамдықты шамадан тыс асырып, жолдың қарсы бетіне шығып кетуден болған.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше жыл басынан бері ғана облыс аумағында 521 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жолда шектен тыс қатты жүрген жүргізушінің кінәсінен 133 жол апаты болып, салдарынан 25 адам қаза болып, 188 адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған.
«Ереже оларды бұзу үшін жасалған» деген қағида жол қозғалысы ережесіне қолдануға болмайды. Өйткені, бұл орны толмас қайғылы оқиғаларға әкеліп соғып жатады. Ақмола облысының полицейлері белгіленген межеден жылдамдық режимін асырумен байланысты жол ережесін бұзғандарды анықтауға ерекше назар аударады. Арнайы техникалық құралдар мен құрылғыларды қолдана отырып, жылдамдықты шамадан тыс асырған 12 мыңға жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы тек жыл басынан бері ғана көлігімен «ұшқанды ұнататын» 35 831 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – дейді Ақмола облысы жергілікті полиция қызметі басқармасы бөлімінің бастығы Қуаныш Әбенов.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша жүргізушілердің басым көпшілігі жолда жылдамдықты шектейтін белгілер тұрса да, қатты жылдамдығын азайтпайды.
Жүргізушілер қандай көлікті басқарса да жоғары жылдамдықпен тек жылдамдықты шектейтін жол белгілері жоқ жерде ғана жүре алады. Яғни егер 90 км/сағат шектеу тұрса, оны 140 км/сағат жылдамдықпен жүруге болса да, белгіленгеншектеуден асыруға болмайды, – дейді полиция департаментінен.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img