Бүгіннен бастап Щучинск қаласының ұлттық орталығында шаңғы жарысының Қазақстан чемпионатының алғашқы айналымы өтеді,- «Aqmola News».
Ақмола облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметінше, Турнир Халықаралық шаңғы спорты федерациясының мұрындық болуымен ұйымдастырылады.
Чемпионатқа еліміздің тоғыз өңірінен спортшылар қатысады. Сондай-ақ, ұлттық құрама мүшелері де біріншілікте түгел бақ сынайды.
Бірінші айналымның бағдарламасына сәйкес:
26 қараша – бақылау жаттығулары, команда копитандарының жиналысы:
27 қараша – қалассикалық спринт:
28 қараша –классикалық үлгідегі жарыс әйелдер арасында 5 шақырымға, ерлер арасында 10 шақырымға.
29 қараша – еркін үлгідегі жарыс, әйелдер 10 шақырымға, ерлер 15 шақырымға.
Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды толығымен сақталады. Жарыс көрермендердің қатысуынсыз өтеді және жүз спортшыдан артық жиналуға рұқсат жоқ. Бірінші тур аяқталған соң жаттығу қайтадан жалғасып, жаңа жылға дейін екінші айналым да ұйымдастырылады,-делінген хабарламада.