spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Көкшетауда қос қарияны қатыгездікпен өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда қарияларды асқан зұлымдықпен өлтіріп үйлерін тонап кеткен қаскөйге қатысты сот үкімі жарияланды. Қылмыскер 25 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Қылмыскер сот үкімімен қылмыстық кодекстің бес бірдей бабымен сотталды.

Естеріңізге сала кетсек, түн ішінде үй ішіне басып кірген белгісіз біреулер көкшетаулық ерлі-зайыпты зейнеткер қарияларды аяусыз ұрып өлтіріп, үйдегі қымбат заттарын тонап кеткен.

«Сотталушы Вадим Достовтың қолдаухатымен қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен өткізілді. Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен оған қылмыстық кодекстің 191 бабының 3 тармағымен тұрғын үйге заңсыз кіргені, 188 баптың 3 тармағымен және 24 баптың 3 тармағымен ұрлық жасауға әрекеттенгені, біреудің үйіне заңсыз кіріп мүлкін зорлықпен ұрлау мақсатында тонау, екі зейнеткерлік өлімі және суық қару қолдану баптарымен айыпты деп танылды. Сот үкімімен қорғансыз қарияларды ерекше қатыгездікпен ұрып өлтіргені үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде 25 жылға бас бостандығына айыру жазасы кесілді. Достовтың әрекетінде қауіпті қылмыстық рецидив бар деп танылды», – дейді Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Күләш Домалақова.

Зардап шегуші тараптың пайдасына сотталушы Достовтан 20 миллион теңге мөлшерінде келтірілген моральдық шығын өндіріліп алынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img