spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда жатақханадан шыққан өрттен 40 адам құтқарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда бес қабатты жатақхана үйінен өрт шығып, құтқарушылар 40 адамды құтқарып қалды, оның 25-і балалар болған деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абырой болғанда өрттен зардап шеккендер болмаған.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Тілсіз жауды сөөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 27 қызметкері мен 8 техника бірлігі жұмылдырылған.

«Өрт 20 минут ішінде толықтай сөндірілді. Өрттің бірінші қабаттағы бөлмелердің бірінен тұтанғаны анықталды. Онда үй иелерінің киімдері мен жиһаздары өртенген. Өрт сөндірушілер барлық бөлмелерді тексеріп тұрғындардың бар-жоғын тексеріп шықты. Уақыт кешкі уақыт болғандықтан адамдар ұйықтамай түтін иісін сезген соң үй қою түтін болғанша шығып үлгеріпті. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр, – дейді Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.

Төтенше жағдайлар департаметі көп жағдайларда өрт өрт қауіпсіздігі ержелерін сақтамауының салдарынан өрт оқиғалары тіркелетінін ескертеді.
Тұрмыста болатын өрттің негізгі себептері ең алдымен отты дұрыс қолданбай, электр жабдықтарындағы ақаулар, электр жылытқыш құрылғылары мен пештерді пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болып табылады, – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінен.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img