spot_img
Сенбі, Мамыр 24, 2025
11.2 C
Kokshetau

Облыстық филармония ұжымы республикалық «Сәлем, Елорда» жобасына қатысады

Сондай-ақ...оқыңыз

26 қарашада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube арнасында және «Qazaqstan» Ұлттық арнасының аймақтық филиалдарында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «СӘЛЕМ, ЕЛОРДА!» атты концерті өтеді,-деп хабарлайды «Aqmola News»Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасына сілтеме жасап.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан бұл жоба барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларды біріктіреді, шығармашылық ұжымдардың имиджі мен әлеуетін қолдайды, еліміздің ұлттық құндылықтарын ашады, сондай-ақ, 2020 жылғы республикалық маңызы бар барлық мерейтойларды қамтиды.
«СӘЛЕМ, ЕЛОРДА!» І республикалық телевизиялық фестивалінің салтанатты ашылуы 2020 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен өтеді. Бекітілген кестеге сәйкес, облыстардың барлық концерттік бағдарламалары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «YouTube» арнасында және «Qazaqstan» Ұлттық арнасының өңірлік филиалдарында көрсетілетін болады.
Барлық әлеуметтік желі қолданушылары мен кәсіби өнер сүйер қауымды Ақмола облыстық филармониясының кәсіби ұжымдары мен солистерін лайкпен және репостпен қолдауға шақырамыз!
«СӘЛЕМ, ЕЛОРДА» республикалық Мәдениет және өнер фестивалі Қазақстанның барлық облыстарының жыл сайынғы дәстүрлі шығармашылық шеруіне айналып, еліміздің мәдени жобалары арасында ерекше орын алады деп үміттенеміз,-делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика