spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
15.2 C
Kokshetau

Қорғалжын ауданында жаңадан салынған түрғын үйлер меценаттардың қолдауымен жүзеге асырылуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаев бүгінде өңірде өткір мәселеге айналған тұрғын үймен қамту жұмыстарына тоқталды. Биылғы жылы мецанаттардың көмегімен 2927 шаршы метр баспана пайдалануға берілген,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен өңірдің 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған брифингте белгілі болды.

Аудан әкімінің айтуынша, өңірдегі пайдалануға берілген баспаналардың барлығы кәсіпкерлердің қолдауының арқасында жүзеге асырылған. Мұнда соңғы 10 жыл көлемінде мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бірде бір баспана салынбаған.

Сол себепті өңірде жас мамандар мен көп балалы отбасылар мен жетімдерге үй беру жағы ақсап келеді.

Дегенмен аудан әкімінің айтуынша, биылғы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 14 үй салуға жер телімдерін әзірлеп, мемлекеттік сараптамаға құжаттар дайындалған.

Ауданда 52 жетім баспана кезегінде тұр. Олардың 18-і кәмелеттік жасына толып кеткендер. Десе де, біз мұндай асыраушысынан айырылғандарға мемлекеттік бағдарлама арқылы жалға берілетін баспанамен қамтудың жолдарын қарастырып келеміз,-деді аудан әкімі баспана мәселесі сөз болған сәтте.

Бұдан бөлек, бүгінде «Родина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен Қорғалжын ауылында 2 пәтерлі тұрғын үй құрылысының ЖСҚ-сы жасалып, мемлекеттік сарапатамадан өткен.  Құрылыс монтаж жұмыстарының құны — 33 млн. 25,603 мың теңге, жалпы алаңы — 168 шаршы метр.

Құрылыс жоспар бойынша 2021 жылы басталмақ.

Сонымен қатар, Қорғалжын ауылындағы бос тұрған 2 қабатты агротехникалық колледж жатақханасын  баспана ретінде пайдалануға беру жұмыстары жүріп жатыр. Ғимаратты қайта жаңарту, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізіп,  ЖСҚ әзірлеу  жобасына облыстық бюджет есебінен 9 млн 016,8 мың теңге қарастырылды,-деді аудан әкімі брифинг барысында.

Жатақханадан 8 пәтерді және өңірдегі бос тұрған ғимараттарды жаңғыртып қосымша бір бөлмелі 12 пәтерді жас мамандарға үлестіру көзделген.

Айта кеерлігі, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2020 жылдың 10 айында 74 маман көтерме жәрдемақы алды және оған 20,6 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Биылғы жылы 20 маманның баспана сатып алуы үшін бюджеттік несие алуға 70,4 млн теңге қаражат төленді.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img