spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Бізге өз ана тілімізде сөйлейтін жас ұрпақ қажет-Алтынай Әміренова

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетау қаласында онлайн конференция барысында облыстағы білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік тілдің дамуы туралы мәселе қаралды,- деп хабарлайды «Aqmola News» облыстың Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілері мен қазақ тілі пәнінің оқытушылары қатысты.

Конференция барысында облыстағы мектепке дейінгі мекемелер, орта білім беретін мектептерде және орта арнайы оқу орындарында мемлекеттік тіл саясаты қалай жүргізіліп жатқаны жайлы мәселелер қаралды.

«Мемлекетті қалыптастырушы ұлттың» тілі қашанда биік тұғырда болуы керек. Қазақ тілі Қазақстанның барлық қоғамдық қатынастарында қолданыста болып, мемлекеттік идеялогияның өзегіне айналуы бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін киелі де келелі мәселе. Ал ұлттық идеологияны қалыптастыру мен патриоттық тәлім-тәрбие берудің бірден-бір құралы – білім беру мекемелері. Ел ертеңінің жарқын болуы өскелең ұрпақтың біліміне байланысты», – деп атап өтті басқарма басшысы А.Әміренова.

Жалпы алғанда қазір Ақмола облысы бойынша 601 мектепке дейінгі мекеме бар. Олардың 271-і қазақ тілінде, 140-і аралас тілде, 190-ы орыс тілінде білім береді. Биыл облыс бойынша 555 мектеп бар, оның ішінде қазақ мектептері – 159, аралас мектептер – 218, орыс мектептері – 178.

Колледждердегі қазақ топтарында оқитын балалардың үлесі 2013 жылмен салыстырғанда артса да, қазақ топтарының үлесі әлі де төмен. Қазір облыста 32 колледж бар.

Шара соңында конференцияға қатысушылар өздерінің пікірлерімен және мемлекеттік тілді дамыту бойынша ұсыныстарды ұсынды.

Әсіресе мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылық пен ықыласын арттыру, мүдделілік, қажеттілік тудыруды қамтамасыз ететін білікті оқытушыларды дайындауға бөлу керек. Осындай мақсаттарды орындайтын болсақ, сонда ғана қазақстандықтардың 95%-ы 2025 жылы мемлекеттік тілде сөйлейтін болады,-дейді шараны ұйымдастырушылар.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img