spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолалық полицейлер шөп өртіне байланысты қылмыстық іс қозғады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Жақсы ауданындағы 200 тонна шөптің өртенуіне байланысты полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшылығы өртенген шөп шығынын 5 миллион теңгеге бағалап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Жақсы ауданынының Ишимское селосындағы «Имран Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бүгін таңертең жетілер шамасында жүздеген тонна шөп өртенді.

Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары өртеніп жатқан шөптің «Имран Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі екенін анықтады. Шығын көлемі 5 миллион теңгеден астам сомаға бағаланып отыр, – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазір аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР қылмыстық кодексінің 202 бабы, 2 бөлігінің 5 тармақшасына сәйкес «Біреудің мүлкін қасақана жою және залал келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тәртіп сақшылары аталған қылмысты жасаған адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img