spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Бурабай ауданы Горный ықшам ауданында жаңа жол салынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Щучинск Бурабай курорттық аймағын дамыту мақсатында биылғы жылы 13 инвестициялық жоба қолға алынды. Оның ішінде жол, су құбырлары, канализация, тазалау құрылғыларының құрылысына бағытталған жобалардың құны 22 миллиард теңгені құрады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл жобаларға брифинг барысында аудан әкімі Әсет Мұздыбаев тоқталып өтті. Аудандағы өзекті мәселелердің бірі жолдарды жөндеу екені белгілі.

Ағымдағы жылы Щучинск қаласының жалпы ұзындығы 15, 5  шақырым болатын 13 көшесіне жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар Щучинск-Николаевка жолына және Сарыбұлақ ауылына дейінгі жолдар жөнделді.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Қызылағаш ауылының ішіндегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 20 шақырым болатын Бурабай -Қотыркөл жолына  күрделі жөндеу жүргізілген.

Бұдан бөлек. Бурабай кенті жол торабын жөндеуге 238,6 миллион теңге бөлінсе, Горный ықшам ауданындағы жаңа мектепке баратын жолдың құрылысына 65,7 миллион теңге бөлінген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img