Келесі аптадан бастап оқушыларымызда 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсаны басталады. Келесі тоқсанда облыс бойынша 38 мыңнан астам оқушы дәстүрлі режимдегі оқу форматына көшіріледі,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен боифингте Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов мәлімдеді.
Екінші тоқсанда бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, ата-аналардың өтініштері бойынша 1-5 сыныптарда 2936 кезекші топтар ұйымдастырылатын болады.
2020 жылғы 26 қазандағы Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысынының хаттамасында 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап:
– контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерді дәстүрлі оқыту форматына көшіру;
– ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1- ден 5-сыныпқа дейін кезекші сыныптар көшірілсін деп көрсетілген.
Осыған орай осы 2 тоқсанда 35 мыңдай оқушысы бар 416 мектеп штаттық режимге, 139 мектеп (56 мың оқушы) қашықтықтан білім беруге көшеді деп жоспарланып отыр. Бірінші тоқсанда штаттық режимде 387 мектеп болды.