Америкалық отбасы асырап алған 18 жасар Сара Найт (Sarah Knight) қазақша аты-жөні Әсем Асылбекова өзінің биологиялық анасын іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Баршаңызға сәлем! Менің есімім Сара және мен өзімнің биологиялық анамды тапқым келеді. Мені Есік қаласындағы балалар үйінен асырап алған. Менің әкемнің кім екені белгісіз, туу туралы куәлігімде де жазылмаған. Мен 2002 жылы дүниеге келіп, 2003 жылы мені асырап алды. Өкінішке қарай, шыққан отбасым туралы аз ғана мағлұмат білемін. Биологиялық анамның аты-жөні Саида Асылбекова. Менің туу туралы куәлігімде анам 1980 жылы дүниеге келген деп жазылған. Менің Сараға дейінгі есімім Әсем Асылбекова. Анама қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіздер маған хабарласуларыңызды сұраймын. Биологиялық анаммен кездесуді асыға күтемін», – деп жазды Сара Найт Facebook-тегі Kazakh American Association (Қазақстандық-америкалық қауымдастық) паблигінде.
Сондай-ақ, бойжеткен өз жазбасында танып қалуы мүмкін деген ниетпен Фарида Асылбекова, Айдар Асылбеков және Саида Асылбекова есімді азаматтарға сұрау салады