spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 17, 2026
22.2 C
Kokshetau

Бурабай ауданында «Таңғажайып өлке» көрмесі шеңберінде 40 кітап оқуға берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай аудандық кітапханасында «Таңғажайып өлке» өлкетану бұрышы ашылды,-деп хабарлайды «Aqmola News» Бурабай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Орталық аудандық кітапхананың қызметкерлері Бурабай ауданының 90 жылдығына орай, түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда.

«Туған жер – туған ел» базалық бағытының «Рухани қазына» ішкі бағдарламасының аясында «Менің өлкем – менің мақтанышым» жобасын қолға алды.

Оқу залында көрермендер назарына «Таңғажайып өлке» көрмесі ұйымдастырылып өлкетану бұрышы ашылды.

Көрмеге біздің жерлестеріміздің өмірі мен қызметі, ауданның құрылу тарихынан сыр шертетін кітаптар, фотоқұжаттар, тақырыптық папкалар, жергілікті ақындардың өлең жинақтары қойылды. Барлық қойылған деректер шараға қатысқан жастың да, жасамыстың да үлкен қызығушылығын тудырды. Көрменің ашылуы күні оқырмандарға Бурабай өлкесінің тарихы туралы 40 кітап оқуға берілді,-дейді
кітапхана қызметкерлері.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адамның цифрлық ізі: желіге әрбір кірген сайын не қалады

Көптеген адамдар күнін таңғы астан емес, смартфоннан бастайды. Келген хабарларды, пошта мен әлеуметтік желілерді тексеру, картадағы балансты қарау, сатып...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика