spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 17, 2026
15.2 C
Kokshetau

5 қараша күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер қарашаның 5-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Тек еліміздің батысы, солтүстігі және шығысында ғана атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен кей жерлерде жауын-шашын болып, бірқатар аймақта қар аралас жаңбыр жауады.

Республиканың кей аумағына тұман түсіп, жел күшейіп, солтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 18 метр жылдамдықпен ұйтқиды, көктайғақ болады.

Ақмола, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының, түнде және таңертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысының кей аумағында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылтай – елдік ой мен қоғамдық жауапкершіліктің жаңа белесі

Қазақ халқының тарихи жадында «Құрылтай» ұғымының орны айрықша. Ежелгі дәуірлерден бастау алатын бұл атау ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика