spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Қазақстанда екінші рет коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Сондай-ақ...оқыңыз

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманова өңірде коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтырған тұрғын анықталғанын хабарлады. Бұл туралы mgorod.kz хабарлады.

«Ол алғаш рет пандемия басталғанда COVID-19 жұқтырған, екінші рет жаз айларының соңында жұқтырған. Әзірге бұл бір адамның коронавирусты екі рет жұқтыруы бойынша тұңғыш жағдай», – деп жауап берген Гүлнар Абдрахманова.

Белгілі болғандай, өңірде 4 жүкті әйелден коронавирус анықталған. Олардың екеуі стационарда, екеуі үй жағдайында ем алып жатыр.

Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда екінші рет коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелмегенін мәлімдеген еді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика