spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
7.2 C
Kokshetau

Александр Высоцкий: Жедел жәрдем ПТР тестілеуден өткізбейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыстық жедел жәрдем станциясында 69 бригада күндіз-түні жұмыс істеуде. Оның 9-ы дәрігерлік, қалғаны фельдшерлік алғашқы жәрдем қызметін ұсынады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясының коронавирустың екінші толқынына дайындығына арналған брифингте станцияның бас дәрігері Александр Высоцкий айтты.

Бүгінде станция базасында 7 мың арнайы сыртқы киім, 60 мың дана бетперде, антисептиктер мен дәрі дәрмектер артығымен сақтаулы.Сонымен қатар пульсоксиметр құрылғылары да жеткілікті.

Бас дәрігердің сөзінше, коронавирус ауруы ушыққан жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсететін бригада үш есеге көбеюге қауқарлы. Станция қызметкерлері халықаралық стандарттарға сай алғашқы жедел жәрдем және акушерлік қызмет көрсету тәжірбиесінен өткен. Ал жедел медицина көлігінің жүргізушілері болса, «Қауіпсіз қозғалыс» тренигіне қатысқан.

Бүгінде станция санитарлық көліктермен 100 пайыз қамтылған. Тағы да 58 көлікті жеткізу үшін келісім шарт жасалды. Бұрынырақта 30 реанимобиль жеткізілген болатын. Мұндай көліктерде медициналық жабдықтардың барлық түрі орнатылған. Қазір қалада 8 JAC Sunray жеңіл көлігі және 3 УАЗ көліктері шақыртуларға шығып жүр. Тапсырыс берілген көліктер келген соң, облыстың барлық өңірлеріне бөліп беріледі,-деді Высоцкий.

Спикердің айтуынша, кадр тапшылығы жоқ емес бар. Мұндағы медицина персоналы 88 пайызды құрайды. Барлық қызметкерлер ай сайын ПТР тестілеуден өтеді.

Алайда, жедел жәрдем ПТР тестін жасамайды.

Тұрғындар шақыру ережелеріне сай ережелерді білмей жатады. Қарапайым жағдайлар үшін де шақырып жатады. Біз көмекке шын мәнінде мұқтаж жандарға алғашқы жәрдемді жасауға тиіспіз,-деді спикер сөз арасында.

Жедел жәрдем қызметінің шақыру ережелерімен станцияның арнайы сайтынан немесе 72-32-86 и 26-47-48 колл-орталықтарынан білуге болады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img