spot_img
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
20.2 C
Kokshetau

Ақмолада оңалту орталығында есірткіге тәуелді адамдармен кеңес өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмолалық есірткі полицейлері бұрынғы есірткіге тәуелді адамдарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары туралы айтып берді, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері полиция майоры Разия Курсановамен Зеренді ауданының Өзен ауылындағы Денсаулық сақтау басқармасының психикалық денсаулық орталығының есірткіге тәуелді адамдарға арналған «Сенім» оңалту бөлімшесіне барып қайтты.
Мұнда онда орта есеппен 20-50 жас аралығындағы 24 адам емделуде.
Бұрынғы нашақорлармен кездесу барысында облыстық ПД ЕҚҚІҚБ аға жедел уәкілі полиция майоры Разия Курсанова заңнамадағы жаңалықтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есірткіні тарату, оның ішінде электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, есірткінің заңсыз айналымы үшін жауапкершілік күшейтілгенін атап өтті.
Мұндай әрекеттер аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған, ал оларды жасағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі (бұрын – 5 жылдан 10 жылға дейінгі) мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Ал интернет ресурстарын пайдалана отырып, есірткіні тұтынуға көндіру ауыр қылмыстар санатына жатқызылды және оны жасағаны үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген (бұрын 4 мың АЕК дейін айыппұл немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру болған).
Бұдан басқа, есірткі заттарын заңсыз насихаттағаны және жарнамалағаны үшін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Бұл шара азаматтарды, әсіресе жастарды есірткінің заңсыз айналымы саласына тартуға қарсы іс-қимыл мақсатында енгізілді.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика