spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Целиноград ауданында денсаулық сақтау және құқық қорғау жүйесінің дамыту жайы қаралды

Сондай-ақ...оқыңыз

Целиноград ауданында ауыл шаруашылығы құрылымдары басшылары, жер қойнауын пайдаланушылары және кәсіпкерлердің қатысуымен кездесу өтті. Шара барысында денсаулық сақтау және құқық қорғау жүйесін дамыту мәселелері әңгіме өзегіне айналды, – деп хабарлайды «Aqmola News»

Кездесуді ашқан аудан әкімі Бахидбек Оспанбеков коронавирус пандемиясының барлық тауар өндірушілердің жұмысына белгілі бір түзетулер енгізгеніне қарамастан, ауданда әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты жағдай сақталып отырғанын атап өтті.

Алайда, жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін салалар бар. Бірінші кезекте бұл біздің азаматтарымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі мәселелеріндегі түйінді жағдайларды шешу қажет, – деді аудан әкімі. .

Аудандық емхананың бас дәрігері ауданның денсаулық сақтау саласындағы күрделі жайларды ортаға салды.

 Аудан аумағында 46 медициналық нысан бар, оған 473 қызметкер жұмылдырылған.Олардың ішінде аудандық емхана тек 17 медициналық нысанға меншік құқығына ие, көптеген ауылдарда үй-жайлар жалға беріледі, ал кейбір жерлерде мүлдем жоқ. денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі проблемалардың бірі – көптеген денсаулық сақтау объектілері ғимараттарының қанағаттанғысыз жай-күйі, медициналық жабдықтардың, жедел жәрдем машиналарының жетіспеушілігі, медицина кадрларының тапшылығы және медицина қызметкерлері үшін қызметтік тұрғын үйлердің болмауы қиындық тудырып тұр, – дейді Целиноград аудандық емханасының бас дәрігері Мұхтар Досхожин .

 

Бүгінгі күні аудан аумағында Қосшы ауылында бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емхана және Софиевка ауылында бір ауысымда 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы жүріп жатқаны аталып өтті..

Одан әрі Целиноград аудандық полиция бөлімінің бастығы Қанат Битақов сөз сөйледі.

Бүгінгі таңда «Бір қадамдық жерде қолжетімді полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметін реформалау жүргізілуде, онда учаскелік инспекторға басты рөл беріледі.Полицейлердің нәтижелі жұмысы үшін учаскелік полиция инспекторларын, сондай-ақ учаскелік полиция пункттерін материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесі өткір тұр, – дейді Қанат Битақов.

Өз сөзінде полиция полковнигі штат санының тапшылығын, көптеген учаскелік инспекторларда қызметтік тұрғын үйдің жоқтығын, қызметтік автокөліктің қанағаттанарлықсыз жай-күйін атап өтті. Көптеген елді мекендерде бейнекамераларды орнату қажеттілігі атап өтті.

Спикерлерді тыңдаған соң әріптестеріне «Агрофирма «Родина» ЖШС Бас директоры Иван Сауэр және «КТ «Целиноградское» ЖШС төрағасы Сағадат Әшебеков айтылған түйткілді мәселелерге назар аудармай, патриотизм мен әлеуметтік жауапкершілік танытуға шақырды.

Кәсіпкерлер пікір білдіру барысында осы мәселелерді жергілікті билік органдарының бақылауымен ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастығының пікірін ескере отырып шешу, сондай-ақ осы жылы денсаулық сақтау ұйымдары мен учаскелік инспекторларды автокөліктермен жарақтандыруды іске асыруға кірісу ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, аудандық емхана базасында жазда 50 орындық провизорлық стационар ашылды, онда «жақыныңа өмір сыйла» акциясы аясында 22 млн.теңге қаражат жиналды. Қаражаттың басым бөлігін Целиноград аграршылары мен кәсіпкерлері жинады. 6 млн. теңгеге қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтар сатып алынды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img