spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
8.4 C
Kokshetau

Ақкөл ауданында жаңа модульді қазандық жылу беру сапасын арттырады

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақкөл ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жаңа модульді қазандық салынуда. Жылу желілерінің орталығы қараша айының аяғында іске қосылады, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Осы жылдың маусым айында Ақкөл қаласының «Восточный» шағын ауданында мемлекеттік бағдарлама арқылы қазандық пен жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталған. Құрылыс жобасын «Камила» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі компаниясы жүзеге асыра бастаған. Жобаға 785,8 миллион теңге қаражат бөлінген.
Бүгінде жұмыстың 90 пайызы аяқталды. 140 жұмыс орны құрылды.Ескі қазандық 20 мың шаршы метр аумақты жылытса, жаңа қазандық 42 мың шаршы метр аумақты жылытатын болады. Бұған дейін орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған бес этажды үйді қосамыз. Сонымен қатар жаңа қазандыққа мәдениет үйі, екі балабақша қосылады,-дейді қала әкімі Анатолий Кривитицкий.
Қала әкімінің айтуынша, бұрынғы ескі қазандық көмір сақтайтын қойма ретінде пайдаланылады. Ол жерде бұрын 8 оператор жұмыс істесе, жаңа жұмыс орны ұлғайып 12 адам жұмыс істейтін болады.
Енді мұнда ешкім күрек ұстамайды, жұмыс та жеңілдейді. Жаңа технологияның нәтижесінде мұнда барлық құрылғылар автаматтандырылған.
 Нысанның іргетасы қаланып, металл қаңқалары орнатылып, еден құрылысы, негізгі түтін құбырлары салынды. 3 жылу қазандықтары құрастырылып, циркуляциялық сорғы оратылды. Сондай-а, су құбыры мен кәріз желілері, электрмен жабдықтау желілері төселді. 100 тонналық таразы монтаждалып, жылу трассалары сатып алынды, – дейді нысан құрылысның басшысы Асқар Төлеуов.
Бүгінде өңірде жалпы ұзындығы  1,69 шақырым жылу трассасының 1,5 шақырымы жөндеуден өткен.
Құрылыс нысанының басшысы жақын арада барлық жұмыстардың аяқталатынын айтады.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img