spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
8.2 C
Kokshetau

Біржан сал ауданында мал қорымдары салынуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Біржан Сал ауданында мал ауруларының таралуының алдын алу мақсатында мал қорымдарын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының ветеринария басқармасына сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше Біржансал ауданының орталығы Степняк қаласында, сондай-ақ Макинка және Үлгі ауылдарында мал қорымдары салынуда. 

Қазіргі таңда Степняк қаласында мал қорымын салу бойынша шұңқырдың қоршау қабырғаларының астына іргетастың бетон жұмыстары және бөгеттер төсеу аяқталды. Сондай-ақ, объектінің қоршау тіректеріне арналған іргетастың бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Ал Макинка ауылындағы мал қорымының құрылысы бойынша ғимараттың қабырғаларын кірпішпен қалау, іргетас жұмыстары шұңқырдың қоршау қабырғасының тіреуіне және бөгетшелерді төсеу аяқталды. Сондай-ақ, қоршау тіреулеріне арналған іргетасқа бетон  құю жұмыстары аяқталды және нысан учаскесінің шекарасы бойынша темір қоршау орнатылды. Үлгі ауылында шұңқырдың бетон оқпанын орнату бойынша жұмыстар аяқталуға таяу, – деді облыстық ветеринария басқармасынан. 

Аудандағы мал қорымдарын салу жұмыстары желтоқсан айында аяқталмақ. 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдығы – достық пен татулықтың мерекесі

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика