spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

Соғыста қаза тапқан жауынгердің ұрпақтарына II дәрежелі Отан соғысы ордені табысталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгер Мүталап Әбутәліповтың отбасына II дәрежелі Отан соғысы орденін табыстау салтанаты өткізілді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Қан майданда көрсеткен ерлігі үшін Мүталлап Әбутәліпке II дәрежелі Отан соғысы ордені қайтыс болғаннан кейін берілді. Алайда бұл марапат жауынгердің ұрпақтарына енді ғана жетіп отыр.

Бүгін орден Мүталлап Әбутәліповтың отбасына салтанатты түрде табысталды.

Мүталлап Әбутәліповтың әскери шені лейтенант, ол  1904 жылы Ақмола облысы Біржан сал ауданы Жаңалық ауылында туған. 1942 жылы 5 мамырда өз еркімен Қызыл армия қатарына әскери борышын өтеуге кеткен.

Ленинград түбіндегі, бірінші Украина шайқастарына қатысты. 1944 жылы Украинаның Александровка ауылын азат ету үшін Киев түбіндегі майданда қаза тапты. Ол Киев облысы Ракитян ауданы Ракитное ауылында жерленген.

Жауынгерге қайтыс болғаннан кейін берілген II дәрежелі Отан ордені шөбересі Батырхан Мүталлапқа берілді.

Марапатты тапсыру рәсіміне қала әкімі Амангелді Смайлов қатысты.

Ұлы Отан соғысы ауыр зардаптарымен есте қалды. Кеңес үкіметінің құрамындағы басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да Ұлы жеңіске өз үлесін қосты.Солардың бірі өз Отанын қорғау жолында мерт болған жауынгер жерлесіміз Мүталлап Әбутәліпов. Ұлы жеңістің мерейтойлы жылында бұл марапат өз иесін тапқанына қуаныштымыз,-деді қала әкімі.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img