spot_img
Дүйсенбі, Маусым 29, 2026
21.8 C
Kokshetau

28 қазан күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

28 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің тек батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды «Aqmola News»  Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысында желдің екпіні түнде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан өңір атанды

Ақмола облысы еліміздің ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің рейтингінде бірінші орынға шығып, ірі мегаполистер мен басқа да облыстарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика