spot_img
Сенбі, Маусым 27, 2026
18.9 C
Kokshetau

21 қазан күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

21 қазан күні Қазақстанның солтүстік, оңтүстік-батыс және батыс өңірлерінде жаңбыр жауады деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

«Сәрсенбі күні республиканың солтүстік, оңтүстік-батыс және батыс аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты түнде және күндіз жаңбыр жауады. Қалған өңірлерде антициклонның ықпалымен күн райы ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, батыс, солтүстік-батыс және шығыс аймақтарда тұман, батыс және солтүстік-батыс аймақтарда түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін», – делінген баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Атырау облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей аумағында жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел күшейіп 15-20 м/с жетеді, тұман түседі, түнде және таңертең көктайғақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз жел 15 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде минус 1 градус суық болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан өңір атанды

Ақмола облысы еліміздің ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің рейтингінде бірінші орынға шығып, ірі мегаполистер мен басқа да облыстарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика