spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 3, 2025
-0.1 C
Kokshetau

4 елік атқан 3 браконьердің ісімен полиция айналысуда

Сондай-ақ...оқыңыз

 Ақмола облысында өтіп жатқан «Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында төрт елік атқан 3 браконьер ұсталды, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қазанның 18-де Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне «Тұлпар-2» экипажы хабарласып, «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 25 шақырымында Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрғыны басқарған «Нива» көлігі тоқтатылғаны және көлік ішінен төрт еліктің еті, тегіс ұңғымалы 16 колибрлі мылтық пен 26 оқ-дәрі табылғанын айтқан.

Тексеріс кезінде бұларға рұқсат құжаттары болмаған. Көлік ішінде жүргізушіден бөлек, облыс орталығының 28 және 52 жастағы тұрғындары болған.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 337 бабының 1 бөлігі «заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді ведмстводан.

Сонымен бірге, табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері мен «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының инспекторлары Зеренді ауданының Викторовка ауылының маңындағы Айдабол көлінде заңсыз балық аулау оқиғасы анықтады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алғашқы Жарлығым ауылды дамытуға арналды

«Ауыл – төл өркениетіміздің алтын қазығы. Ауылды өркендету – баршаға ортақ парыз. Мемлекет бұл мәселеге ерекше жауапкершілікпен қарайды. Өздеріңіз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика