spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Ақмолада 12 мұғалім «жалған» дипломдармен жұмыс істеп келген

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының ауылдарында жоғары оқу орындарының «жалған дипломдарын» алып, екі жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келген мұғалімдер анықталды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері ғана облыста жалған құжатпен білім ордаларында қызмет жасаған 12 педагог ұсталған.

Құжатты заңсыз жасатқан «педагогтар» математика, қазақ тілі және басқа да пәндерден сабақ беріп келген.

Мәселен, осы жылдың 16 қазанында полиция қызметкерлері Ақмола облысы ауылдарының бірінен 31 жастағы ауыл азаматшасын ұстады. Ол аудандық білім бөліміне ауылдағы жалпы білім беретін орта мектепте жұмыс істеу үшін жоғары оқу орнын тәмамдағаны жайлы жалған құжат ұсынғаны анықталды.

Педагог маманға Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 385 «Жалған құжаттарды, мөрлерді, бланктерді, пошталық төлемнің мемлекеттік таңбалары мен мемлекеттік наградаларды жасау, дайындау және шығару»  бабымен қылмыстық іс қозғалды. Жалған диплом құжатымен ұсталған «мұғалім» өз кінәсін толығымен мойындап, құжаттардың қолдан жасалғанын білгенін мәлімдеді, – дейді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Ауылда мұғалім болып қызмет атқарған күдікті «жалған дипломға» қыруар қаражат та жұмсапты. Облыста анықталған 12 педагог та екі жылдан астам уақыт жұмыс істегені анықталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img