spot_img
Сәрсенбі, Қазан 14, 2026
7.2 C
Kokshetau

Ойын-сауық орталықтары мен жабық базарлар сенбіде жұмыс істейтін болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда сауда, ойын-сауық орталықтары мен жабық базарлар сенбі күндері жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды «Aqmola News».

ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның шешімімен коронавируске қатысты тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар «жасыл» өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметі кезең-кезеңімен қайта жандандырылады.

Атап айтқанда, 2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ мәлім етілгендей, 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды.

Еске салсақ, бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

1 800 шақырым, 59 ауыл, 5 мың жас: «Таза Qazaqstan» эстафетасы Ақмоладан басталды

Бірі жол жиегіндегі қоқысты жинаса, енді бірі ауыл тұрғындарының өтінішін тыңдап, тарихи орындарды вандализмнен қорғауға атсалысады.Бүгін 5 мыңға жуық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика