spot_img
Сәрсенбі, Қазан 14, 2026
7.2 C
Kokshetau

Ауа райы: Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазгидромет» РМК 20 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.

Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Солтүстіктен, солтүстіктен-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде 1 градус үсік жүреді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

1 800 шақырым, 59 ауыл, 5 мың жас: «Таза Qazaqstan» эстафетасы Ақмоладан басталды

Бірі жол жиегіндегі қоқысты жинаса, енді бірі ауыл тұрғындарының өтінішін тыңдап, тарихи орындарды вандализмнен қорғауға атсалысады.Бүгін 5 мыңға жуық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика