spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
8.8 C
Kokshetau

Қазақстанда төтенше жағдай қайта енгізіле ме – министр жауап берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой БАҚ өкілдерінің «Қазақстанда төтенше жағдай режимі қайта енгізілуі мүмкін бе?» деген сауалына жауап берді.

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласында карантин шаралары күшейтілді.

«Мұның бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер жағдай қиындаса, енгізілуі мүмкін. Бірақ біз қызметкерлеріміздің жұмысы мен азаматтарымыздың қауіпсіздік шараларын сақтауы арқасында Қазақстандағы эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтаймыз деп үміттенеміз. Әрбір азамат жаппай шаралар ұйымдастырмай, қашықтықты сақтап, маска тағып, халықты қорғауға атсалысса, онда біз карантинді айналып өтуіміз мүмкін», – деді Цой.

Сонымен қатар, министр Нұр-Сұлтан қаласында қосымша шектеу шаралары енгізілгеніне қатысты да жауап берді.

«Бұл қаланы толық жабу емес, көліктер жүреді, дүкендер жұмыс істейді. Мұны дұрыс түсінуіміз керек. Егер біз ауру жұқтырғандар саны көбейгенін байқасақ, онда әрбір өңір жағдай тұрақталғанға дейін жеке әрекет етеді. Кейін жағдай дұрысталған соң карантин талабын жеңілдетеді», – деді Алексей Цой.

Айта кетейік, Қазақстанда пандемия басталғалы 108 984 адам коровирус жұқтырды. 104 346 науқас жазылып, 1 768 адам індеттен қайтыс болды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика